Аида Балаеваның атынан жалған хабарламалар тарап жатыр
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұндай хабарламалар алаяқтардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді. Сіздерден абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұраймыз, - дейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Мұндай хабарламалар алған жағдайда төмендегідей әрекет ету ұсынылады:
- келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеу.
- алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлау.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы