Аида Балаева: Жолдаудың орны мен рөлін еліміздің әрбір азаматы терең түсінуі қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесінде Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы  жүзеге асыру жолдарын талқылануда.

Іс- шараға ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, Ассамблея мүшелері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатыстып отыр.

Жиынның алғы сөзінде Аида Балаева Президент бәрімізді Жаңа Қазақстанның айналасына топтасуға, жаңару мен жаңғыру жолына шақыруы әділетті екенін айтты.

Жолдаудың басым бағыттары мен міндеттері Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктері жиынтығына негізделген. Біз Президент саясатының бірізділігін, іске асырып жатқан реформалары елімізді дамудың жаңа деңгейіне шығаруға бағытталғанын көріп отырмыз. Бүгін біз еліміздің мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңіне шыққанын сеніммен айта аламыз. Оның негізі саяси жүйені жылдар бойы шоғырланған қоғамдық мәселелерге, түбегейлі өзгерулерге бағытталған кешенді жаңғырту бағдарламасы болмақ, - деді Аида Балаева.

Сонымен қатар Аида Балаева Президент Жолдауында көрініс тапқан реформалар орнықты әрі жан-жақты ойластырылған шешімдерге негізделгеннін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр қазақстандықтың көкейіне өзі үшін елдің бақуатынан маңызды ештеңе жоқ екенін айқын әрі шын жүректен жеткізе білді. Әрқайсымыз сол бақуаттың жауапкершілігі бәріміздің мойнымызда екенін түсініп отырмыз, - деді ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары .

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Өзгелердің жаңалығы