Аида Балаева «Жас Алаш» газетінің редакциясын 100 жылдығымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі «Жас Алаш» газеті редакциясының ұжымымен кездесіп, басылымның 100 жылдығымен құттықтады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, министр ақпарат саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қайрат Матрековты, Алмас Нүсіпті, Сейсен Ұлықбек пен Нұрымжан Мауытовты «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады және «Жас Алаш» газетінің басқа да қызметкерлеріне құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыстады.

Аида Балаева газеттің 100 жылдығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі бұл мерейлі датаны атап өтуге ерекше мән қосатындығын жеткізді. 

«Жас Алаш» қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар, халық сұранысына ие шыншыл басылымдардың бірі, — деді министр.

Іс-шара соңында Аида Балаева басылымның барлық қызметкеріне кәсіби және шығармашылық табыстар тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы