31 Тамыз 2026, 14:02
Фото: Ақорда
Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды
Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылды.