Аида Балаева Серік Смағұловтың отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы Серік Смағұловтың отбасына көңіл айтты.
«Акмолинская правда» газетінің бас редакторы Смағұлов Серік Зайкешұлының қазасына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Бүкіл саналы ғұмырын журналистикаға арнаған талантты тұлғаның есімі көпке үлгі болып қала бермек. Еңбек жолын Ақмола облыстық «Степной маяк» газетінде тілші болып бастаған Серік Зайкешұлы «Оқжетпес» газетінің коомерциялық директоры, «Курс», «Любимый город», «Степной маяк» газеттерінің және кейінгі жылдары «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы секілді лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Ел үшін жасалған еңбек елеусіз қалған жоқ. Талантты журналистің артында тасқа басылған сөзі, атқарған ісі қалды. Марқұмның иманы жолдас болсын. Пейіште нұры шалқысын - делінген министрдің көңіл айтуында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бабақұмаров діни бірлестік көшбасшыларымен кездесті
Өзгелердің жаңалығы