Аида Балаева сайлауда дауыс берді

Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аида Балаева Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда өз таңдауын жасады.

Ол елордадағы №111 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

№111 сайлау учаскесі еліміздің бас қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан.

Сайлау учаскесі елорда уақыты бойынша сағат 7.00-ден жұмысқа кірісті.

Сайлау учаскесінде есеп бойынша 2 771 бюллетень бар. Ал тіркелген сайлаушылар саны 2 744.

Бұған дейін дәл осы сайлау учаскесінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс берді. Сондай-ақ Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та өз таңдауын жасап үлгерді.  Сондай-ақ Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та осы сайлау учаскесінде дауыс берген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы