Аида Балаева Қастек Баянбайдың өмірден озуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлттық журналистиканың ардагері, белгілі ақын Қастек Баянбайдың өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарына көңіл айтты.

«Бар әдебиеттің бастауы - балалар әдебиеті» деген Қастек ағамыз өзінің бүкіл саналы ғұмырын балалар әдебиеті жолына арнап, жалынды өлеңдер мен әңгімелер жазды, мазмұнды аудармалар жасады, қазақ журналистикасын дамытуға аянбай еңбек етті. Ағамыздың мол әдеби мұрасы – тозбас рухани қазына болып, зиялы болмысы – қалың оқырман қауымның мәңгілік есінде сақталады.
Марқұмның жатқан жерi жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын!» деп жазды министр. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы