Аида Балаева: Елімізде 5 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралы тіркелген
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпарат саласы бойынша жылды қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпарат саласы бойынша жылды қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елімізде 5 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Олардың 360-ы – шетелдік БАҚ. Тек 2025 жылы 515 жаңа медиа іске қосылды.
Жаңа Салық кодексінде отандық мерзімді баспа басылымдарына қосылған құн салығының 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлемесі енгізілді.
Аида Балаеваның айтуынша, биыл теледидар көруді өлшеу жүйесі кеңейтіліп, халқы 100 мыңнан аз елді мекендер де қамтылды. Қазан–желтоқсан айларындағы нәтижелер бойынша елімізде теледидар көру көрсеткіші 18 пайызға артқанын көрсетті.
Қазақстанда телевизиялық контент өндіру толыққанды индустрияға айналды. Отандық өнімдер көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие болып, мазмұндық тұрғыдан да сапалы екенін дәлелдеді. Жыл бойы көрермендерге жаңалықтар, деректі фильмдер, сараптамалық және зияткерлік бағдарламалар, сондай-ақ отандық телехикаялар ұсынылды, - деді Премьер-министрдің орынбасары.
- Мәулен Әшімбаев: Жаңа сын-қатерлерді еңсерудің жасампаз жолы 22:00
- Боранға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды 21:50
- Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз – "Жаңа адамдар" Қозғалысының көшбасшысы 21:19
- Фермерлер енді суды "жасырын" ала алмайды 20:49
- Алматыда 2000 адамды жұмыспен қамтыған жауапты бизнес қалай дамып жатыр? 20:23
- Атыраудағы әскери бөлімде сарбаз қаза тапты 20:01
- "Кастет болмаған": Жасөспірімдер төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды 19:48