16 Қазан 2026, 08:10
Фото: gov/kz
AI-Sana: Қазақстандық студент егін өнімділігін арттыратын жасанды интеллект платформасын әзірледі
Әзірлеушінің мақсаты – фермерлерге деректерге сүйене отырып шешім қабылдауға көмектесу. Платформаны пайдалану су мен тыңайтқыштарды тиімді жұмсауға, өндірістік шығындарды азайтуға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бірінші курс студенті Нұрдәулет Дүзенов ауыл шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдалануға арналған AgriX интеллектуалды платформасын әзірледі. Жасанды интеллектке негізделген жүйе егістік жағдайын талдап, фермерлерге суару, тыңайтқыш енгізу және дақылдарды күтіп-баптау бойынша ұсынымдар береді.