AI Opportunity Partnership: Қазақстан халықаралық ЖИ серіктестігіне мүше болды
Қазақстан жасанды интеллект, заманауи технологиялар және цифрлық экономиканы дамытуға мүдделі елдерді біріктіретін AI Opportunity Partnership халықаралық бастамасына қосылды.
Министрліктің мәліметінше, бұл қадам Қазақстан үшін инвестиция тартуға, жоғары технологиялық инфрақұрылымды дамытуға және жаңа буын мамандарын даярлауға тың мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан атынан құжатқа Вашингтонда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қол қойды.
Серіктестік жасанды интеллектіні дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру бағытында бірлескен жұмысты көздейді. Оның аясында инновациялар, стартаптар мен ғылыми зерттеулерді қолдау, есептеу қуатын кеңейту, жеке инвестицияларды тарту және сенімді AI экожүйесін қалыптастыру мәселелеріне басымдық беріледі.
Сондай-ақ заманауи AI технологияларын дамыту үшін қажетті инфрақұрылымға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, стратегиялық маңызды минералдар, энергетика, деректерді өңдеу орталықтары (дата-орталықтар), жартылай өткізгіштер, есептеу ресурстары, инженерлік кадрлар және тұрақты жеткізу тізбектерін дамыту қарастырылған.
Қазақстан үшін AI Opportunity Partnership бастамасына қатысу ұлттық AI инфрақұрылымын жедел дамытуға, халықаралық инвесторларды тартуға, стратегиялық маңызды минералдарды өңдеуді кеңейтуге және шетелдік серіктестермен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар еліміз жасанды интеллект пен инженерия саласындағы мамандарды даярлау жұмыстарын күшейте алады.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – ашық әрі коммерциялық жасанды интеллект модельдеріне қолжетімділікті кеңейту. Бұл қазақстандық әзірлеушілерге, ғалымдар мен технологиялық компанияларға инновациялық шешімдерді жылдам әзірлеп, енгізуге жол ашады.
AI Opportunity Partnership бастамасына қосылу – Қазақстанның жаһандық цифрлық экономикадағы позициясын нығайту және озық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы кезекті маңызды қадам.
- Жексенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды 21:12
- «ҰБТ-ны сіздің орныңызға тапсырамыз»: талапкерлерге маңызды ескерту жасалды 20:55
- Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінің бір бөлігі түнде жабылады 20:14
- Қарағанды облысындағы табиғи өртті 200 адам сөндіріп жатыр 19:52
- ШҚО-да сырттан келген екі адамнан психотроптық зат салынған 34 орама табылды 19:06
- Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қалай өнер көрсетті? 18:48
- Индонезиядағы магнитудасы 7,7 жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 20-ға жетті 18:13