АИ-92 мен дизель бағасы күрт қымбаттамайды – вице-министр
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасының өсуіне қойылған мораторий өз күшін жойды.
ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкіметтегі брифингте мораторий аяқталғаннан кейін Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасының күрт өсуі күтілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен бұған сенімдімін, әріптестерім де растайды – жанар-жағармай бағасында ешқандай күрт өсім болмайды. Әрине, нарықтық өзгеріс болуы мүмкін. Көріп отырсыздар, көрші елдерде бұл отын түрлері әлдеқайда қымбат. Сондықтан біртіндеп, бәлкім, аздаған өсім болуы ықтимал. Бірақ күрт секіріс болмайды деп ойлаймын, – деді ҚР Энергетика вице-министріСұңғат Есімханов.
Еске салайық, 2025 жылғы 16 қазанда инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 бензині мен дизель отыны бағасының әрі қарай өсуіне мораторий енгізілген болатын.
Ал 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасының өсуіне қойылған мораторий өз күшін жойды.