Ахметжанов Зеренді ауданындағы су тасқыны жағдайын тексерді

Ақмола облысының әкімі Зеренді ауданындағы су тасқыны жағдайын көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айдабол ауылында Марат Ахметжанов ауылдың екі бөлігін Айдабулка өзені арқылы жалғайтын бөгетке қарады. Бөгеттің орташа биіктігі 2,4 метр, ұзындығы 150 метр, су тасқыны кезінде бөгеттің шамамен көлемі 600 мың м3 құрайды. Қазіргі уақытта бөгетте ЖМО күштерімен кезекшілік ұйымдастырылды. Кезекші техника бар.

Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықовтың айтуынша, су тасқыны тұрақты режимде өтуде. Қауіпті азайту үшін су жайылатын жерлерде 2,5 мың қапшық төселді, 56 тонна құм дайындалды, инертті материал сатып алынды.

Сапар барысында облыстық маңызы бар «Зеренді-Қызыл Кордон-Зеренді ауданының шекарасы» жолындағы су өткізу құрылысының жағдайы да қаралды.

Үлкен су әлі алда. Барлық қажетті күш жұмылдырылып, дайын болуы керек, - деді облыс әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақмола облысы әкімдігінен
Өзгелердің жаңалығы