Ахметжанов халықтың мазасын алып отырған мәселені атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов  «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі: перспективалары және Даму стратегиясы» халықаралық құқықтық форумы барысында айтты.

Полицияның сервистік моделі аясында қоғамның сұранысы ескерілуі керек. Біз қылмыстарды тергеп, аша аламыз. Алайда қоғам ондай қылмыстардың болмағанын қалайды. Сондықтан да сервистік модель қылмыстың алдын алуға бағытталып отыр. Біз проблемалық әдіс-тәсілді пайдалана отырып, бұл қылмыстар қай жерде болуы мүмкін екенін анықтауымыз керек. Біздегі полиция пунктерінде сол қылмысты болдырмауға негізделген, - деді Ахметжанов.

Министр атағандай, халықтың мазасы мен берекесін алып отырған қылмыстарды жою керек.

Бізге ғылыми тәсіл керек. Ол арқылы біз өлшеуіміз керек. Проблеманың ішкі жағын қарап, сезу түйсігін дамыту керек. Халық өзгерістің болып жатқанын сезіну керек. Яғни, ұлттық жобалар мен ауқымды іс-шаралар аясында нәтижеге қол жеткізу міндеті тұр,- деді Марат Ахметжанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы