Ахметжан Пірімқұлов пен Медет Құмарғалиев 2 айға қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты бұрынғы Экология, геология және табиғи ресрустар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиевті екі айға қамауға алды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер А.А.Примкулов пен М.К.Кумаргалиевке қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растаған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы