Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту қалай экономика өсуінің кілті болады?

Азық – түлік тауарлары бағасының тұрақты өсуі, жұмыссыздық, халық табысының төмен деңгейі, тұрғын үй мен балабақшалардағы шексіз кезек – бұл бүгінде әрбір қазақстандықты толғандыратын проблемалардың бір парасы ғана, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Редакция бұл мәселелерді агроөнеркәсіптік кешеннің көмегімен қалай шешуге болатынын түсіну үшін «Ауыл» партиясына жүгінген жөн деген ұйғарымға келді. 

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаты Ж. М. Дайрабаев сайлауалды тұғырнамасында «АӨК елді индустрияландырудың негізі бола алады. Оның дамуы ел экономикасының көптеген саласы – жеңіл, тамақ, химия өнеркәсібі және машина жасау үшін айтарлықтай мультипликативті әсер беретіндей мүмкіндікке ие»,-деді. 

«Ауыл» партиясы Қазақстанның барлық әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешудің кілті еліміздің ауыл және ауыл шаруашылығы мәселелерін шешуде жатқанына нық сенімді.

 

Аталған партия Төрағасының Бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбековтың пікірінше ол үшін жаңа мемлекеттік аграрлық саясат әзірлеу қажет. Ол Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауылдық елді мекендерді дамытудың 2070 жылға дейінгі ұзақ мерзімді ұлттық стратегиясы нысанында қабылдануы керек. Оған Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы министрінің кезекті ауысуы кезінде ауыл шаруашылығын дамыту векторларын тұрақты қайта қарау тәуекелдерін болдырмайтын заң ретінде қол қоюы тиіс. 

АӨК және ауылдық елді мекендерді дамыту стратегиясы шеңберінде Үкімет ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету бойынша неғұрлым басым салалар – қой, жылқы, ет және сүт өндіруші мал шаруашылығы, дәнді дақылдарды өндіру және қайта өңдеу, майлы дақылдарды өндіру және қайта өңдеу, көкөністер мен жемістерді өндіру және қайта өңдеу, ауылдық елді мекендерді дамыту тәрізді 6-7 ұлттық жоба қабылдап, іске асыра алады. 

 Ұлттық Стратегияда төрт негізгі бағыт болуы керек:

1) сервистік-тұтыну кооперациясын ынталандыру негізінде шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің заңды тұлғаларды, ауыл шаруашылығының өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыруы; 

2) Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жүйесін, ең алдымен субсидиялау жүйесін түбегейлі реформалау. Ол фермерлерді өндіріс көлемін ұлғайтуға және ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын арттыруға, саладағы еңбек өнімділігінің өсуіне, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу және экспорт үлесін арттыруды ынталандыруға бағытталуы тиіс;

3) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жалақыға байланысты салықтар мен алымдарды қоспағанда, салықтардың барлық түрінен босату және ең бастысы, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, оны қайта өңдеу, азық-түлік тауарларын өткізу, экспорт және импорт тәрізді азық-түлік тауарларының айналымдарын қосылған құн салығынан босату;

4) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту – азаматтардың ауылда тұруына лайықты жағдай жасау мақсатында ауылдарды жол, су, электр, интернет, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарымен және т.б. жабдықтау, газдандыру. 

Ұлттық Стратегияны іске асыру ел экономикасы аграрлық секторының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал ауыл шаруашылығының дамуы:

- ел экономикасының аграрлық секторын техникалық «қайта жарақтандыру» (техниканың жүйелі өндірісін жолға қою) үшін қажет ауыл шаруашылығы машиналарын жасау; 

- саланы тыңайтқыштар, пестицидтер, өсу стимуляторлары, ветеринариялық препараттар, вакциналар және т. б. қамтамасыз ету үшін қажет химия өнеркәсібі;

- жеңіл, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі;

- жоғары, орта-арнайы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерін қоса алғанда, кадрларды даярлау ғылымдары мен жүйелері  дамуының локомотиві болады.

«Бұдан басқа, ауыл және ауыл шаруашылығы проблемаларын шешу Қазақстанның жалпы әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, ауыл шаруашылығында 1 жұмыс орнын құру аралас салаларда 7-8 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, бұл жұмыссыздық пен бүкіл ел халқы табысының өсуі мәселесін шешеді. Екіншіден, өндіріс көлемін ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік тәуелсіздігі проблемаларын шешуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде азық-түлік бағасын тұрақтандырады. Үшіншіден, ауыл халқы табысының өсуі ауыл халқының қалаларға ретсіз көші - қонын тоқтатады, бұл халықты тұрғын үй, мектеп, балабақша, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелерімен қамтамасыз ету мәселесін шешуді жеделдетеді», - деді Төлеутай Рахымбеков. 

«Ауыл» партиясы осы дәйектерді келтіре отырып, ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытуды елдің мемлекеттік саясатының басым бағыты ретінде айқындауды ұсынады.

Тапсырыс беруші: Ə.Ж.Қасымқанова. Мақала ақысы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Ж.Дайрабаевтың сайлау қоры қаражатынан төленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы