Агроөнеркәсіп саласындағы технологиялардың 90 пайызы ескірді – Мемлекет басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығындағы мәселелердің алдын алу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бірнеше өзгеріс енгізетінін айтты.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығын өркендетудің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету. Сол себепті бұл сала мемлекеттің басты қозғаушы күшіне айналуы қажет.
Агроөнеркәсіп саласындағы технологиялардың 90 пайызы ескірді. Оны жаңарту керек. Ауыл шаруашылығын субсидиялау саясатын өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатпен ұштастырған жөн. Үкімет пен «Бәйтерек» холдингі осы мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуі қажет. Жалпы ауыл шаруашылғының саласының басты міндеті – еліміздің азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету, - деді ол.
Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығына отандық инвесторларды тартып, оларды аймақтарда дамыту мақсатында қаржы бөлінетінін айтты.
Биыл ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және оларға қатысы бар компанияларға сатуға, сонымен қатар, жалға беруге біржола тыйым салатын заңға қол қойдым. Жер кодексіне қазақстандық инвесторларды ауыл-аймақтарды дамыту үшін қаржы салуға түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістер ауыл шаруашылығы жерлерін толық экономикалық айналымға түсіруге мүмкіндік береді. Шын мәнінде осы шешімдердің барлығы агроөнеркәсіп саласына оң ықпал етеді. Соның арқасында ауыл шаруашылығы ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Токио Олимпиадасының қорытындысы спорт саласын жеке кеңесте қарастыру керек екенін көрсетті – Тоқаев
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы