Қайта өңделген өнімдер экспорты өсті – Баталов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.
Оның айтуынша, Алматы облысында агроөнеркәсіп кешенінің қайта өңделген өнімдерінің экспорты 25% өсіп, 97 млн АҚШ долларын немесе жалпы агроөнеркәсіп кешені экспортының 73%-тін құрады.
Жетісу өңірінде өткен жылмен салыстырғанда мал мен құс саны орта есеппен 2 процентке өскен. Мал қыстату үшін облыс жем-шөппен толық қамтамасыз етіліп, 5,3 млн тонна азық дайындалды. Жетісулықтар Маңғыстау облысының зардап шеккен фермерлеріне гуманитарлық көмек ретінде 54 вагон шөп жөнелткен, - деді ол.
Әкімнің сөзінше, барлығы 74,1 мың басқа арналған 117 мал бордақылау алаңы және 26,1 мың басқа арналған 84 тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді, соның есебінен ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 72%-ке, сүт зауыттарының жүктемесі 85%-ке жеткен.
Атап өтсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында биылғы жылдың қыркүйегінде Үкімет қабылдаған 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет етудің кешенді іс-шаралары өңірде жүзеге асырылып келеді. Тұрақтандыру қорын құрып, жеңілдікпен кредит беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1,7 млрд теңге бөлінді, оның жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрайды. Соның 3 млрд теңгесі - 0,01%-пен кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен несиелендіруге және 700 млн теңгесі 8,7 мың тонна өнім сатып алуға бағытталды, - дейді Амандық Баталов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы