Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізіледі – Жеңіс Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жылдың соңына дейін 2020-2025 жылдарға дейінгі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабыладанады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, іс-шаралар жоспарының өрлеу бөлімінде экономиканың, инфрақұрылымның, қолжетімді тұрғын үйдің, қоршаған ортаны дамытуға және заманауи ауылды құруға бағытталған шаралар қарастырылған. 

«Бірінші, серпінді экономика әр адамның әл-ауқатынның негізі. Жылдың соңына дейін 2020-2025 жылдарға дейінгі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданады. Ол өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі жақсартуға бағытталады. Бағдарламаны іске асыру еңбек өнімділігін 1,7 есеге, шикізаттық емес экспорт көлемін 2,3 есеге, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 2,3 есе, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың санын 1,6 есеге ұлғайтуға әкеледі», - деді ол.

Сонымен қатар, ол жергілікті қамтудың өсуіне ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді. 

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әзірленген шаралар 1 мыңнан астам отандық кәсіпорындарды қайта жүктеуге, өндірілетін тауарлардың Қазақстандық құрамын 60% дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қарапайым заттар экономикасы салаларының дамуын ынталандырады», - деді Ж. Қасымбек. 

Сөз арасында ол  ауқатты және заманауи ауыл тұрғысында атқарылатын іс-шараларға тоқталды. 

«1 қарашаға дейін агроөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру, жер ресурстарын және жайылымды жерді тиімді пайдалану, суармалы ауыл шаруашылығы жерлерін кеңейту мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізіледі. Нәтижесінде 2021 жылы еңбек өнімділігі 2017 жылға қарағанда 2,2 есеге, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,7 есеге, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған негізгі инвестициялардың көлемі 3 есеге артады», - деді ол.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы