Аграрлық университетте миллиондаған ақшаның ұрланғаны анықталды
Алматы прокурорлары аграрлық университеттегі жымқыруды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.
Келтірілген шығын 43,8 млн теңге, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде.
Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралдағы жарылыс. Үйінді астынан екі адамның денесі табылды
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы