Аграрлық сала ғалымдары фермерлерге 70-тен астам семинар өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ұлттық-аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ ғылыми институттарының сарапшылары биыл фермерлерге 72 семинар мен 92 кеңес өткізеді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
Бұл қызметтер «Білім және ғылыми зерттеулер қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасын іске асыру аясында тегін көрсетіледі.
Семинарлар республиканың әр өңіріндегі жетекші шаруа қожалықтары базасында ұйымдастырылмақ. Семинарлар кестесін www.agrobilim.kz сайтынан көруге болады. Онда семинар өтетін орны, күні, спикерлер туралы толық ақпарат бар.Мәселен, мамыр айында сүтті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, аквамәдениет және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу, дәнді дақылдар, майлы дәнді дақылдар, бұршақ дақылдарын өсіру, су үнемдеу технологияларын енгізу бағыттары бойынша семинарлар жоспарланған, - делінген ақпаратта.
«Мал сүтін өңдеу технологиясы» тақырыбындағы алғашқы семинар 19-мамыр күні Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «LF Company» ЖШС алаңында өтеді. Іс-шара спикері – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу институтының биология ғылымдарының докторы, профессор Әсия Серікбаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы