Ағайынды Аманбаевтар
Отан алдындағы борышыңды өтеу – барлық жігіттің азаматтық парызы. Әсіресе, ат жалын тартып, кәмелеттік жасқа келгенде әскерден жалтарып жүру ер азаматқа сын. Біздің елімізде әскерден жалтармақ түгілі, ағалы-інілі болып әскерге баратын отбасылар кездесетіні көңілімізді тойдырады. Сондай әулеттің бірі - қарағандылық Аманбаевтар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бекарас және Бейбарыс Аманбайлар өткен жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қатарына азаматтық борышын өтеуге келген.
Аралары бір жылға жетпейді. Екеуі де әскерге өз еркімен сұранған. Тағдырдың жазуымен бір әскерге, бір бөлімшеге түседі.
Бүгінгі таңда олар 5574 әскери бөлімінің тісқаққан сарбаздары. Қос сарбаз компьютер тілін жетік меңгергені соншалық, кәсіби мамандармен бірге иық тіресіп жұмыс жасап жүр.
Ағайды Аманбайларды бір көргеннен туыс екенін аңғаруға болады. Бекарыс бойшаң және сөзшең. Көрген адаммен ескі досындай әңгімелесіп кетеді. Бейбарыс тұйық және бірден ашылып сөйлемейді. Сонда да оқырман үшін өз ойымен бөлісуге келісті.
Отан алдындағы борышты өтеу әр азаматтың парызы. Әскерде өз қиыншылықтары болғанымен аса алып бара жатқан мәселелер жоқ. Барлығымыз бір атанын баласындай доспыз. Мұнда тәртіп пен достықтың, шыдамдылықтың қадірін түсінесің. Ағаң екеуін бір бөлімде қызмет атқарсаңыз мүлде керемет. Мен оның конспектілерін толтырмағнда, ол менің жағамдағы подшиваны тігіп беретін. Екеуміз бір-бірімізге демеу болып келеміз. Оның үстіне, әкеміз әскери ардагер. Біздің әскерге барғанымызға қолдау көрсетіп, бірінші қатарда әскери комиссариатқа жіберді. Әскери адам болу біздің қанымызда бар десек, артық айтпаймыз,- дейді ағайындылар.
Бекарас әскерден кейін Ұлттық ұланда келісімшарт бойынша қалғысы келеді.
Оны әскери форма бала кезінен қызықтырады екен. Сонымен қатар электрондық гаджеттер мен жаңа технологияларға деген қызығушылығы орасан.
Әскери бөлімдегі компьютерлерді жасап, көзге түскен оны бөлім басшылығының ыстық ықылысына бөленді. Өзінің жауынгерлік міндеттерімен қатар, әскери бөлімнің автоматтандырылған басқару жүйесінің тамырына қан жүгінртіп жүр. Ағасы Бейбарыс та осы салада жүргенімен, болашақта ақ хаолатты дәрігер атанғысы келеді екен. Сондықтан әскери борышын аяқтағаннан кейін, медициналық оқу орнына түсуге тырысады.
Қос сарбаз өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашқан командирлеріне деген алғыстары мол. Олар бір жыл ішінде патриоттық, рухани жәнежауынгерлік дайындықтан өтіп, Отанымыздың елжанды азаматтарының қатарын көбейтеді деген үміт бар.