Ағасының шөбін қасақана өртеп жіберген тұрғын ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ордабасы аудандық полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Ер азаматтың айтуынша күндізгі сағат 14:30 шамасында үй ауласында жинаулы тұрған шөбі өртеніп кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 200 000 теңге.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Ауданның тәжірибелі полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні анықтап, ПБ-ға жеткізді. Тергеу барысында күдікке ілінген ер азамат, жәбірленушінің інісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта, - деп хабарлады ТО ПД-ның баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай ағайынды екеу өзара шөпті бөлісе алмаған. Содан арада кикілжің туып, күдікті соның салдарынан шөпті өртеп жіберген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңа Зеландияда антарктикалық желден күн күрт суытты
Өзгелердің жаңалығы