AFD. Үшінші Жасыл өсу форумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Форумның басты тақырыбы үкіметтің, бизнестің және қоғамның бөлінісінде Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жолын талқылау болды.
Сондай-ақ Орталық Азияда жасыл инвестициялау қағидаттарын енгізу де осы форумда талқыланды.
Осы жылы Жасыл Өсу Форумының хедлайнерлері жақын және алыс шетелдің танымал сарапшылары болды: доктор Ма Джун, Қытайдың жасыл қаржы жөніндегі Комитетінің Төрағасы, Қытай Халық Банкінің бұрынғы бас экономисі, Куми Китамори, жасыл өсу және жаһандық қатынастар бөлімінің Басшысы, қоршаған орта басқармасы, ЭЫДҰ, Джеймс Чжан, БҰҰ Тұрақты қор биржалары жөніндегі бастамалары басқарушылар Кеңесінің Басшысы, Ясин Анвар, Орталық Азия бойынша Green Investment Principles for BRI Өңірлік кеңсесінің басшысы, Пәкістан Мемлекеттік банкінің бұрынғы басшысы, Трэйси Вонг Харрис Standard Chartered компаниясынан және тағы басқалар.
Форумның бірінші күні қатысушылар көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін қаржыландыруды жұмылдырудың өзекті мәселелерін, «Белдеу және Жол» бастамасы үшін жасыл инвестициялар қағидаттарын талқылады, сондай-ақ Green Finance Awards 2021 сыйлығын тапсырудың екінші рәсімі өтті.
Орталық Банк пен реттеуші органдар экологиялық тәуекелдерге қарсы күресте қаржы секторын нығайтуда жетекші рөл атқаруы тиіс. Бізге қаржы институттарымыздағы экологиялық тәуекелдерді басқаруды жақсарту, сондай-ақ тұрақты дамуға байланысты ақпаратты ашу деңгейін арттыру қажет - деді АХҚО Жасыл қаржы орталығына жүктелген Орталық Азия бойынша «Белдеу және Жол үшін жасыл инвестициялау Қағидаттары» Өңірлік кеңсесінің басшысы Ясин Анвар.
Форумның екінші күні тұрақты бизнес-модельдер, экономиканың тұрғын үй-құрылыс секторындағы энергия тиімділігі, сондай-ақ климаттық іс-қимылдарды ілгерілетудегі білім мен қоғамның рөлі бойынша сессиялар өтті.
Банк секторын Еуразиялық банк Басқармасының Төрағасы Валентин Морозов таныстырды, ол банктің, АХҚО Жасыл Қаржы Орталығының және MasterCard бірлескен жобасы туралы айтып берді.
Қоғам климаттық өзгерістер біздің әрқайсымызға қатысты екенін және тек өсе түсетінін түсінген сайын, инвесторлардың неғұрлым кең тобы – әлемдік зейнетақы қорлары да, негізінен жасыл күн тәртібі бар бағалы қағаздарға инвестиция салатын жеке инвесторлар да пайда болуда. Біздің банк Қазақстандағы алғашқы төлем картасы жасыл кешбек қосылған қайта өңделген пластиктен жасалған эко-карта шығарудан бастады. Транзакциялардан аударымдар көміртекті ластануды өтейтін қалаларды көгалдандыру үшін Eurasian Environmental Fund-қа барады - деді ол.
Total, ЕҚДБ, E&Y және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Green Talks спикерлері Climate Bonds Initiative басшысы Шон Киднидің делдалдығымен Климаттық саясаттың мүмкіндіктері мен экономикалық салдарлары, атап айтқанда, көміртегі шығарындыларына шекаралық салықты және ірі компаниялардың төмен көміртекті саясатын енгізу тақырыбына кірісті.
Іс-шараның көптеген спикерлері мен қатысушылары Қазақстанның жаңа Экологиялық Кодексінің күшіне енуімен және оны іске асыру бойынша ілеспе шаралармен, оның ішінде жасыл таксономиямен қоса, Қазақстанның жасыл жобалары даму үшін қосымша ынталандырулар алатынын атап өтті.