АЭС туралы шешім келесі жылға қалды

АЭС салатын технология қашан таңдалады? Үкімет отырысынан соң Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы уақытқа дейінгі сұхбаттарыңызда жыл аяғына дейін Қазақстанда атом электр стансасын салатын технологияны нақты атаймыз дегенсіздер. Шешім қашан қабылданады? - деп сұрады БАҚ өкілі.

Энергетика министрінің сөзінше,  бұл жұмыс жоспар бойынша келесі жылға ысырылған.

Технологияны таңдау 2023 жылы іске асады. Қазір әлемдегі жағдайды көріп отырсыздар. Сәл уақыт берсеңіздер, оның бәрімізге теріс әсері болмас үшін шешімді өте мұқият қабылдауымыз керек. Яғни, қосымша уақыт керек, - деді ведомства басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы