АЭС-тің артықшылығын да, кемшілігін де қатар түсіну қажет - депутат
Қоғам АЭС бойынша шешімнің артықшылығын да, кемшілігінде қатар түсінуі қажет. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым АЭС бойынша референдумға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда Үкімет референдумды өткізу мерзімін айқындауы керек. Екіншіден, тиісті штаб құрып, олар халыққа бүкіл ақпаратты түсіндіруі керек. Өңірлердің көбінде кездесулер болды. Дегенмен, ақпарат әлі де аз деп ойлаймын, — деді мәжілісмен.
Депутаттың сөзінше, биыл күзде қоғам ең маңыздың шешімдердің бірін қабылдайды.
Өтетін референдумда Қазақстан халқы өзіне қажет ең маңызды деген шешімдерге өзі таңдау жасайды. Мұндай референдум көп жыл өткізілмеген еді. Жақында ғана референдум арқылы Конституцияны қабылдадық . Енді биыл референдумда атом электр станциясына қатысты шешім қабылдамақпыз. Бұл шешім — өте өзекті. Осы шешімді халық жүрегімен қабылдауы керек сияқты. Оның артықшылығын да, кемшілігін де қатар түсінуі қажет. Сонда, саналы таңдау жасауға мүмкіндік аламыз, - деді Айдос Сарым.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдум биыл күзде өтеніні айтқан еді.