АЭС. Скляр консорциум қалай құрылатынын түсіндірді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елімізге АЭС-ті кім салатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүкіл мүмкіндіктер қарастырылып барып, шешім қабылданады. Бұл консорциум болмақ. Өйткені біз үшін қауіпсіздік бәрінен бұрын қаралады. Біз өз саласының көшбасшыларының ең жаңа жобалық шешімдері мен технологияларын қолдану үшін жаңа станцияға қызығушылық танытып отырмыз. Осы арқылы шешім қабылданады, бірақ конфигурация бойынша мен де, Алмасадам Майданұлы бұл іспен айналыспайды. Мұны жасайтын арнайы жобалық топ болады. Ал саяси тәуекелдер жобалау процесінде қарастырылмақ. Ал егер мұндай (автор - саяси)жағдай туындаса, әртүрлі компаниялармен және әртүрлі елдермен жасалған келісім-шарттарда санкциялар туралы тармақ болады, - дейді Скляр Үкімет баспасөз орталығында өткен брифингте.

Сонымен қатар Роман Скляр АЭС-ті салатын консорциумға қанша ел қатыса алатынын айтты.

Менің ойымша, (автор - консорциум құрамындағы) елдің саны бесеуден аспайды. АЭС бір ғана объекті емес, ол бірнеше нысаннан тұрады, - деді вице-премьер.

Еске сала кетейік, Роман Скляр уақыт белдеуіне қатысты сұраққа да жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы