АЭС салуы мүмкін компанияларға сұрақтар жіберілді – министр
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС-ті салатын компаниялардың талданып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске сала кетейік, Қазақстанға АЭС салуға ниетті 4 шетелдік компания бар. Олар – ресейлік "Росатом", қытайлық CNNC, кореялық KHNP, франциялық EDF компаниялары.
Тендердің бүкіл қатысушысына 19 бөлімнен тұратын 207 сұрақ жіберілді. Барлығы станцияның эксплуатациясына байланысты. Бәрі вендерлерге жіберілді. Қазір жауапты алып, талдап жатырмыз. Алдын ала біз барлығын ведомствоаралық комиссияда қарастырдық. Әлі фавориттер туралы әлі айту ерте. Жеңімпаз туралы тиісті шешім мерзімінен бұрын қабылдануы мүмкін, - дейді Сәтқалиеа БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мереке қарсаңында әр анаға 9830 теңге беріледі – әкімдік
Өзгелердің жаңалығы