АЭС салудың ешқандай қорқынышы жоқ – сарапшы

Елімізде АЭС салуды қолдайтындар мен қарсылық танытқандар бар. Қазір қоғамда да, әлеуметтік желіде де осы тақырып кеңінен айтылып, талқыланып жатыр. Елімізге АЭС салу керек пе? Осы сұрақты сарапшы-маманнан сұрап көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі күннің басты тақырыбына айналған АЭС жобасы әлі де талқыланып жатыр. Атом ғылымы, энергетика және өнеркәсіптік ардагерлер ядролық қоғамының төрағасы Бауыржан Ибраев елімізде АЭС салу қажет екенін айтады.

Қазіргі таңда АЭС елімізге өте қажет деп санаймын. Қазір көмір, су, жел, күннен шығатын электр генерациясы аз және жетпейді. Сондықтан міндетті түрде елімізде АЭС керек. Экономикалық, экологиялық жағынан тиімді емес деп жиі айтылып жүр. Қазіргі уақытта әлем атом энергиясына көшіп жатыр. Еліміздің аумағы да үлкен. Бір емес бірнешеуі қажет. Бірі Оңтүстікте, екіншісі Батыс Қазақстанда т.б жерге қажет деп есептеймін, - дейді Бауыржан Ибраев.

Бауыржан Ибраевтың айтуынша, АЭС салудың ешқандай қорқынышы жоқ.

Фобия болмау керек. Соңғы кезде апат, атомдық инцидент болған емес. Қазір технология өте жақсы қолға алынған. Жасанды интеллект, цифрлық даму қарқынды түрде дамып жатыр. Сондықтан қорқыныш жоқ. Елімізде де АЭС-ті қолға алатын мамандар өте көп. Судың жетіспеушілігіне әсер етеді дейді. Ондай да қорқыныш болмау қажет. Бүгінгі таңда АЭС-тар көп су пайдаланбайды. Радиациялық жағынан да ешқандай зияны болмайды. АЭС экономикалық және экологиялық жағынан ең эффективті деп айта аламын. Неге десеңіз бірінші салынған АЭС 80-100 жылға дейін жұмыс істей алады. Ядролық отынды өзімізде жасай аламыз. Уранымыз да жеткілікті, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы