АЭС салуды қолдап, бірақ оның қауіпсіздігін талап етейік – профессор

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, профессор Әше Қазыхан Мемлекет басшысының жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Профессор Әше Қазыхан ғылымның жоғарылаған кезінде АЭС-тің арзан қуат екенін атап өтті.

Президенттің жаңа жолдауы 9 тараудан тұрады. Ең бастысы, Қазақстанда АЭС салу жайлы референдумның уақытын белгіледі. Бұл тақырып ел арасында көптен бері айтылып жүр. Халықтың көп бөлігі бұл жаңалықты қорқынышпен, үреймен қабылдады. Себебі біз Семей полигонында атом қаруын ұстап, кейін өз еркімізбен оны тоқтатқанбыз. Халыққа түсіндіру керек. Пайдасы тимесе, зияны болмайтынына кепілдік беруіміз керек. Сол секілді айлығына 10-20% қосу керек. Ғылымның маңызы артқан кезінде АЭС-тің арзан қуат екенін біліп, түсінуіміз қажет. Біз электр жарығынсыз ешқандай тіршілік жасай алмаймыз. Ол біздің зауытқа да, өнеркәсіпке де, күнделікті тіршілікке, жер астындағы шахталарға да керек. Сондықтан да осы жағын ескеру қажет, - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері қоғамдық ғылымдар академиясының академигі.

Ғалым жолдауда айтылған қаржы мен банк саласына тоқталып өтті.

Жолдаудағы 7 тараудың әрқайсысына жеке-дара тоқталып өтуге болады. Соның бірі - салық мәселесі. Халықтан бірнеше теңге қарызың бар деп жеке есепшотын жауып тастайды. Осы жайлы Президент жолдауда тоқталып өтті. Салық халықтың үйге жинаған, зейнетақы қорындағы ақшаларын алады. Олай істеуге болмайды ғой. Ал банктер болса, тұрғындардың меншігіндегі үйлерін зорлықпен тартып алып жатыр. Жалғыз баспана болса, тиіспеу қажет деген Президенттің жарлығы бар. Дегенмен бұны елемеген сот орындаушылар сол жалғыз үйді тартып алады. Мемлекет басшысы жолдауында халықтың тіршілігіне қиянат жасайтын жолдардың бәріне шек қойды. Сондықтан ол кісінің айтқан сөздері мен ойларына қосыламын. Халық болып АЭС салуды қолдайық, бірақ Үкіметтен талап етейік. Елімізге өзге елдерден қауіп-қатер келмеуін сұрайық, - деді профессор Әше Қазыхан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы