АЭС салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз – Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов елімізде екі атом электр станциясы салынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жақын арада Алматы облысында бірінші Атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз. Сондай-ақ екінші және үшінші Атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын - дейді Олжас Абайұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Алқалы жиында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан отандық өндірісті дамытуға басымдық береді - Үкімет
Келесі жаңалық
Әсет Нүсіпов – Сауда және интеграция вице-министрі
Өзгелердің жаңалығы