АЭС салсақ, әлемдік инвесторларды тартамыз – Елнұр Бейсембаев
АЭС салу - заман талабы. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алдымен бір реактор болады. Оның өзі 2500- 3000 МВт тұрақты энергия береді. Кез келген инвестор күннің не желдің энергиясы үшін келмейді. Инвесторларға тұрақты энергия көзі қажет. Сондықтан әлемдік әйгілі компанияларды тартқымыз келсе, бізге тұрақты энергия көзі қажет, – деді Бейсембаев.
Депутаттың сөзінше, АЭС салу - заманның талабы.
АЭС - өте жоғары технология. Қазіргі таңда 30 мемлекетте 200-ден астам АЭС бар. Сол станцияларды 400-ден астам реакторлар жұмыс істейді. Біз АЭС дегенде “Чернобыль” мен “Фукусиманы” еске аламыз. Алайда аталған елдер АЭС-тен бас тартып отырған жоқ. Көршіміз Қытай елі алдағы 10 жылдықта 50 реактор салайын деп жатыр, – деді мәжілісмен.
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Онда Президент үкіметтің ұсынысын қолдап, АЭС бойынша референдумды 6 қазан өткізуді белгіледі.