АЭС құрылысына дайындық қалай? – Энергетика министрі жауап берді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында АЭС құрылысына қатысты дайындық қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр алдымен үкіметтік комиссия құрылатынын атап өтті.

Бүгіннің өзінде алдын ала консультациялар басталып, ҚХР мен Корея Республикасына сапар жасап келдік. Біз әлеуетті компаниялардан нақты жауап алғымыз келетін бағыттарды алдын ала айттық. Бұл құрылыс құны және уақытында аяқтау кепілі. Бюджет аясында ең алдымен қауіпсіздік, бүкіл әлеуметтік пакет, қаржыландырумен қамтамасыз ету және өндірістік отынды оқшаулау мәселелері қарастырылады. Осының негізінде үкіметтік комиссия Үкімет басшылығына өз ұсыныстарын дайындайды, - деп түсіндірді министр Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуына қарағанда, бұл Президент жанындағы Энергетикалық кеңесте қаралап, талдау нәтижесінде нақты шешім қабылданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы