АЭС құрылысы: Депутат халықтың үрейі туралы айтты
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев АЭС құрылысын жария талқылауда көтерілген негізгі мәселелерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
АЭС туралы біраз ақпарат айтылды. Жария талқылауда депутат халықтың көтерген үрейін естігенін айтып, оларға тоқталды.
Фукусима мен Чернобыльді айтып жатыр. Бірақ осы екі жағдай болғанымен, жапондар мен ресейліктер АЭС-тен бас тартты ма? Жоқ, бас тартқан жоқ. Екі елде кемінде 30 пайыз энергетикалық тұрақтылықты АЭС-тер сақтап отыр. Кеше ғана Олимпиада өткен Францияда АЭС 70% энергия беріп отыр. Иә, қазір Қазақстанда энергетикалық жетіспеушілік бар, - деп пікір айтты депутат.
Елнұр Бейсенбаев Орталық Азияда алдағы 10 жылда энергетикалық коллапс болуы мүмкін деп санайды. Сөзінше, 10%-ға дейін энергетикалық жетіспеушілік болуы мүмкін.
Көтеріліп отырған мәселелерге ғылыми тұрғыдан қарау керек. Екінші мәселе - экологиялық қауіпсіздік. Мысалы, осыдан 12 жыл бұрын Бейжіңде болдым. Сол кезде демалатын ауа болмайтын. Өнеркәсіптің барлығы көмірмен жұмыс істейтін еді. Қытай алдағы уақытта тағы 150 реактор салуды жоспарлап отыр, - деп түсіндірді ол.
Бейсенбаевтың сөзінше, қазір Бейжің - экологиясы ең таза қалалардың бірі.
Оның ойынша егер Қазақстанда энергетикалық тұрақтылық қамтамасыз етілмесе, инвесторлар келмейді дейді.
Сондықтан да біздің елде міндетті түрде тұрақты энергияны қамтамасыз ету керек. Бүгінгі талқылауда түрлі оқыс жағдайлар болуы мүмкін деген пікірлер айтылып жатыр. Бірақ бұл айтылып жатқан пікірдердің ғылыми жаеғына назар аудару қажет. Осы күнге дейін елімізде үш референдум өтті. Олардың барлығы саяси бағытта болды. Қазақтың тарихында бірінші рет әлеуметтік, қоғамды мазалайтын референдумды өткізейін деп жатыр. Яғни, бұл Мемлекет басшысы айтқан “құлақ асатын мемлекет” қағидасының іске асып жатқынын көрсетеді. Бүгін шынайы пікірталас өтіп жатыр. Иә рас, бүгін АЭС-ті қолдаушылардың қатары осында көбірек. Осында пікір айтушы ғылыми сарапшылар бар. Аманат партиясы ретінде осы идеяның мейлінше шынайы іске асуына жіне дауыс беруде әділтікті сақтауға күшімізді саламыз. Біздің қатарымызда да кәсіби энергетика мамандар бар. Сондықтан да бұл тақырыпқа жан-жақты қарау қажет"-деді депутат, - деп айтты Елнұр Бейсенбаев.
Бейсенбаев сөзінде жария талқылауда шынайы пікірталас болғанын қоса кетті.