АЭС Қазақстанға ауадай қажет – Саябек Сахиев

Ядролық физика институтының директоры Саябек Сахиев "АЭС Қазақстанға не үшін керек?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біріншіден, қазір әлемде ең арзан электр энергиясы көзі мен жасыл энергетиканы қарастыратын болсақ, осы екеуін де АЭС қанағаттандыра алады. Ал Қазақстанға ол ауадай қажет. Екіншіден, 2060 жылы көмірқышқыл газын шығаратын электр энергиясы көздерінен қосымша салық төлеу міндеттеледі. Неге? Өйткені олар экологияны бүлдіріп жатыр. Олар өндірген кез келген өндірісін шетелге сататын болса, оларға салықты өте жоғары қояды, - деді атом саласының сарапшысы.

Саябек Сахиев энергиямен азаматтарымызды қамтып қана қоймай, өндіріспен айнылысып, баю керекпіз деп есептейді. Ол үшін өндіріс салу керек.

Ал өндірісті ертеңгі күні салықпен байлап тастамас үшін көмірқышқыл газын шығармайтын, яғни жасыл энергетиканы қолдауымыз керек. Ал ол - атом электр станциясы, - деп айтты сарапшы.

Айта кетейік, бұған дейін депутат АЭС құрылысына қатысты халықтың үрейі туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы