АЭС. Павлодарлықтар не дейді
Ертіс өңірінде АЭС салу мәселесіне қатысты қоғамдық тыңдаулар өтті. Павлодар тұрғындары стратегиялық нысанның құрылысына қатысты пікірлерін ашық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шараға қатысқан сала мамандары, экологтар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен облыс халқы мәселеге қатысты ойларын айтты.
Сала мамандарының айтуынша қазіргі уақытта елдері жылу электр станцияларының тозығы жеткен. Сондықтан жаңа технологияларды пайдаланған жөн. Бүгін бе, ертең бе, АЭС салуға тура келеді. Жаңа өндіріс ошағы көмірмен жұмыс істейтін станцияларға қарағанда әлдеқайда таза әрі тиімді болмақ. Ал қатты отын сарқылатын қазба-байлықтардың қатарында екені белгілі. Оған қоса, ел өңірлерінде энергия тапшылығы байқалып жатыр.
Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Ерлан Батырбековтың айтуынша, АЭС салу елдегі ғылым мен өнеркәсіпті дамытудағы маңызды қадам болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта қолданыстағы ядролық құрылғылардың барлығы «ұрпақтарға» бөлінеді. Мәселен, алғашқы кезеңге жататын жабдықтардың қауіпсіздік жүйелерінің сапасы төмендеу болды. Олар ядролы энергияны электр энергиясына айналдыру мақсатын көздеді. Жабдықтардың екінші ұрпағы бұл үрдістің тиімділігіне мән берді. Ядролық реакциялар барысында атом станциясын пайдаланудың мерзімі басты назарға алынды. Алайда, қауіпсіздік мәселесі әлі де күн тәртібінен түспеді. Алайда, Три-Майл-Айленд пен Чернобыльде болған ірі апаттар ғылыми қауымдастықты ойландырып, станцияларды салу, қолдану және жобалау бойынша көзқарастарын өзгертуге түрткі болды. Қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға шықты. Сондықтан Қазақстанда III и III+ типті реакторларды салу ұсынылып отыр. Бұл ғылым, өнеркәсіп салалары үшін мультипликативті тиімділігін көрсетеді. АЭС салу – жоғары технологиялы процесс, жоба жүзеге асса, бірнеше саланың қатар дамуына серпін бермек. Осындай жабдықтың қауіпсіздік деңгейі жоғары, белсенді және пассивті болады. Реактор қалыпты жағдайынан шыққан жағдайда жүйе оны оңтайлы режимге түсіреді. Осындай технологиялар экологиялық тәуекелдерді жойып, қорғаныстың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, - дейді Ерлан Батырбеков.
Жиналған қауып арасынла еліміз атом станциясын салуға әзірге дайын емес деген пікір де айтылды. «Экологиялық құзыреттілік орталығы» қорының директоры Ақан Өмірбектің айтуынша, ауқымды жоба барысында қалдықтарды көму мәселесіне мән берілуі тиіс.
Әлемде осындай станция салғысы келетін елдер бар. Бірақ, ядролы жанар-жағармайды орналастыратын орын жоқ. Ал Қазақстанда осындай мәселе жоқ. Бізде аумағы бір Францияға пара-пар бетпақ дала бар. Бұл жерде қалдықтарды дұрыс сақтауға мүмкіндік беретін қоймалар салуға болады. Сондықтан, елімізде атом станциясын салуға ешқандай кедергі жоқ деп білемін, - дейді Ақан Өмірбек.
Талқылауға энергетика саласына ондаған жылын арнаған ардагерлерге де пікір білдірді. Екібастұз қаласындағы екінші мемлекеттік аймақтық электр станциясы жанындағы ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлфия Ахмедованың айтуынша, энергетика экономика салаларының ішінде әрдайым алда жүреді.
Энергетика неғұрлым қарқынды дамыса, экономикамыз соғұрлым мықты болмақ. Қолданыстағы станцияларымыз 70%-ға жуығы тозған. Жаңашыл технологиялар болғанда, оларға қаржы құю қаншалықты тиімді? Өз басым ғылыми қауымдастығымызға сенімдімін. Атом станциясы бейбіт өндіріс болса, еш зияны жоқ деп ойлаймын, - дейді ардагер.
Осылайша, қоғамдық талқылау барысында сан түрлі ой айтылды. Ең бастысы, олардың барлығы тыңдалды.
Сала мамандары Қазақстан үшін болашағы бар энергия көзі бейбіт атом деп біледі. Бұл энергия түрін өндіруге және дамытуға бар жағдай бар. Атап айтқанда, республика әлемде уран өндірісі бойынша көшбасшы, сонымен қатар, отандық мамандардың саладағы тәжірибесі мол.
Шара барысында бұл мәселеге қатысты «Қазақстан атомдық электр станциялары» АҚ-ның бас маманы Тимур Жантикин пікірін білдірді. Жиналған қауымға атом станциясы салынуы мүмкін орындар туралы айтып берді..
Атом өнеркәсібі бәз үшін жаңа сала емес. Елімізде үшінші жыл қатарынан ядролы жанар-жағармай шығарылып келеді. Салаға ғылыми тұрғыдан қарайтын ұлттық ядролық орталық бар. Сәйкесінше, кадрлар жетерлік. Бүгінді Курчатов пен Алматы қалаларында зерттеу реакторлары бар. Орталық Азиядағы мемлекеттермен салыстырсақ, Қазақстаннан басқа ешбір елде бұл бағытта жылжымаған. Мәселен, Алматы облысында, Балқаш көліне жақын орын бар. Станция осы жерде орналасса, оңтүстік өңірлердегі электр энергиясының тапшылығы мәселесі шешімін табады. Себебі, қазіргі уақытта елімізде электр энергиясын өндіретін негізгі ошақтар солтүстік аймақтарда орналасқан. Ал оңтүстік облыстарда жағдай басқаша. «Солтүстік-Оңтүстік» желісі 2 100 мегаваттқа дейін энергия тасымалдайды. Бұл оңтүстіктегі тұтынушыларды қамтуға жетпейді. Сондықтан, атом электр станциясын Үлкен ауылының жанына салу ұйынылып жатыр, - дейді Тимур Жантикин.
Мамандардың пікірімен павлодарлық энергетиктер де келісіп отыр. Сламбек Жарасовтың айтуынша, еліміз дамығысы келсе, энергияның жаңа көздерін пайдаланған жөн. Заман ағынымен бірге жүрмесе, еліміз болашақта күрделі мәселелерге тап болуы мүмкін.
Атом электр станциясының құрылысын қолға алатын кез келді. Осы мүмкіндікті жіберіп алсақ, алдағы он жылдықта қиындыққа ұшырауымыз мүмкін. Тоқсаныншы жылдар қайталануы ықтимал. Сол кезең аға ұрпақ өкілдерінің есінде. Сол заманда электр энергиясын тарату тоқтатыла беретін. Осындай жағдайды қайта бастан кешіргіміз келмейді, - дейді тұрғын.
Шараға жиналған сарапшылар III и III+ типіндегі реакторлардың қауіпсіздік талаптарына сай және заманауи технология бойынша жұмыс істейтінін түсіндірді. Салмақты мысалдар келтіріп, тұрғындардың сұрақтарына тұшымды жауап берді. Нақтырақ айтқанда, бұл технологиялар экологиялық тәуекелдеді барынша азайтып, қорғаныс жүйесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өндіріс ошағының құрылысына қажет мамандармен қамту турасында сөз қозғалды.