АЭС ел экономикалық әлеуетін жақсартады – Гүлмира Мұрсалова

16 тамызда Алматыда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша 19-шы жария талқылау өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова атом электр станциясының ел экономикасы үшін экономикалық артықшылықтарын атап өтті. 

Өткен жылы Қазақстан Ресей Федерациясынан тұтынылатын энергияның 115 млрд кВт.с-тан шамамен 2 млрд кВт-с сатып алды, - деді ол.

Сонымен қатар сарапшы Қазақстанның көрші елдерге энергетикалық тәуелділігін атап өтті.

Көрші мемлекеттердің электр энергиясына тәуелді болмау үшін біз энергия өндіруді өз бетімізше қамтамасыз етуіміз керек, - деп қорытындылады Әлемдік статистикаға сүйене отырып Мурсалова. 

Естеріңізге сала кетейік, БАӘ мен Түркия өз аумағында алғашқы атом электр станцияларын салып жатыр. Көрші елдерден Өзбекстан да ел экономикасын қолдау үшін атом энергиясын пайдалануды жоспарлап, талқылау жүргізуде. Өз аумағында 56 атом электр станциясы бар Қытай, тағы 25 жаңа атом станциясының құрылысын бастады.

Айта кету керек, Қазақстан Қытайдағы атом электр станциясында қолданылатын дайын ядролық отынды өндіреді. 

2024-2030 жылдарға арналған баланстың болжамы бойынша, биыл Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 118,3 млрд кВт.с өндірген кезде 120,6 млрд кВт.с, бұл 2,4 млрд кВт.с мөлшеріндегі тапшылыққа алып келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы