АЭС бойынша референдумға ЕҚЫҰ байқаушылары қатыспайды

АЭС бойынша референдумға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары келмейді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Референдумға шақырту сыртқы істер министрлігінің атынан жолданды. Ол 5 ұйымның мекенжайына жолданды. 17 қыркүйекте ЕҚЫҰ кеңсесінен жауап келді. Олар шақырту үшін алғыс айтып, миссияның жоспарында алдын ала жоспарланған іс-шаралары бар екенін айтып, референдумға бақылаушы миссиясын жібере алмайтындарын түсіндірді, - деді ол.

Айтуынша, референдумға одан басқа келген миссиялар жеткілікті. 30 елден келген 177 бақылаушы бар.

Біз бұл жағдайды түсінеміз. Миссия аясында біз үнемі өзара байланыс орнатамыз. Біздің орталық комиссия өкілдері де миссия құрамындағы тәжірибелерден өтті. Алдағы іс-шараларына да қатысады, - деді Ерман ОСК-да өткен брифингте.

Еске салсақ, референдумға дайындық күнінен бастап 24 заң бұзу фактісі анықталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы