АЭС бойынша референдум өткізуге бюджеттен 15,5 млрд теңге кетеді
Бұл туралы журналистерге ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жалпы, АЭС салуға қатысты референдумға 35 күн уақыт дайындық жұмыстары жүргізіледі. 12 қыркүйекке дейін азаматтар референдум комиссиялары орналасатын орындардан хабардар болады.
Республикалық референдум туралы конституциялық заңға сәйкес, Орталық референдум комиссиясы шығындардың болжамды сметасын әзірлеп, үкіметтің қарауына ұсынады. Біз президенттің жарлығы жарияланғаннан кейін, есеп-қисап жүргіздік. Біздің болжамды сметаға сәйкес, шығындардың жалпы сомасы 15,5 млрд теңге жетеді, - деді Мұстафина.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысының екі тұрғынынан сібір жарасы анықталды
Өзгелердің жаңалығы