Аэрофлот әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қаңтарынан бастап  «Аэрофлот» әуе компаниясы Нұр-Сұлтанға рейстерді қайта бастады.

 

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

«Аэрофлот» әуе компаниясының Мәскеуден Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:35-те келді.

Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыты бойынша рейсті жергілікті уақыт бойынша сағат 12:05-те орындау жоспарлануда.

«Аэрофлот» әуе компаниясының рейстеріне билеттерді әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады.

Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы