АЭА. Қарабаев бос жатқан аймақтар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қазір 13 арнайы экономикалық аймақ бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша олардың жұмыс істеуін қайта қарап жатырмыз. Тұрып қалған жерлер бойынша жаңа тетіктерді енгізіп жатырмыз. Яғни, мысалы, Шымкентте арнайы экономикалық аймақтың жеңіл өнеркәсіп саласы болса, ол салықтан бостылуына қатысты төлемді алуды жалғастыра береді. Ал оның жанында химиялық кешен салынса, ол салық алмайды, бірақ арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын пайдаланады, - деді ол. 

Қарабаев атап өткендей, бұл тетік комбинациялық деп аталады. 

Ол Шудағы АЭА мен Қорғастағы арнайы экономикалық аймаққа қатысты қолданылады. Жалпы бөлінген 280 млрд теңге қаражат қысқартылады. Ал АЭА жұмысы қайта қаралады. Бірақ инфрақұрылым бар аймақтарды емес, бос тұрған аймақтар шеттетіледі, - деді Қарабаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы