Қадырова сабақ барысында әдепсіз слайд көрсеткендер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Нұр-Сұлтан қаласындағы қашықтан білім беру барысы» тақырыбында онлайн брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

Ол Zoom платформасында болған жағдайға тоқталды.

Өкінішке қарай, 3 қыркүйекте Zoom платформасында өткізілген сабақ кезінде бөтен адамдар араласып, әдепсіз слайдтар көрсетіп, оқыту процесіне кедергі жасаған. Мұғалім сабаққа бөтен адамдардың араласқанын байқап, жедел түрде онлайн сабақты аяқтады. Осыдан кейін мектеп әкімшілігі балалар және ата-аналармен кеңес өткізді. Оқушыларға чаттар мен платформаларда жұмыс істеу кезінде этиканы сақтау, жұмыс сілтемесін бөгде адамдарға таратпау туралы тәрбие жұмысын өткізді, - деді Шолпан Қадырова.

Сонымен қатар, басқарма басшысы мұғалімдермен күнделікті жұмыс істеліп, олардың IT құзыреттілігін дамыту үшін жұмыстар жүргізіп жатқандығы туралы айта кетті.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қыркүйекте 5-сыныптың Zoom-дағы өтіп жатқан сабағы кезінде белгісіз адамдар сабаққа өздерінің әдепсіз қылықтарымен араласып, кедергі жасаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы