Орталық Азияда неге коронавирус жоқ: "Моңғол-түрік үшбұрышы" немесе адыраспанның қасиеті – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі мен БҰҰ жанындағы Халықаралық вакциналар институтының ғылым бойынша бас директорының орынбасары Михаил Фаворов коронавирус бойынша лекция жүргізген.
Бұл туралы Sputnik-Uzbekistan хабарлады.Михаил Фаворов "Моңғол-түрік үшбұрышы" жайында өзінің тұжырымын айтты.
Біз өзбекстандық әріптестермен бірқатар мемлекетке коронавирустың кірмегенін байқап отырмыз. Оны "моңғол үшбұрышы" деп алып отырмыз. Бұл неге байланысты деп ойландық. Мүмкін ауаның құрғақтығы немесе ерекше климат немесе адыраспан-шөп. Адыраспанды Азия елдері ежелден зарарсыздандыру құралы ретінде пайдаланып келеді. Қазір бірнәрсені болжап, бал ашудың қажеті шамалы. Бірақ факті-факті болып қалмақ. Бірде-бір Орталық Азия елдерінде COVID-19 тіркелмеді. Тіркелмесін де, - деді Фаворов.
Моңғолияда коронавирус жұқтырған бір адамға қатысты түсінікті жағдай дейді. Ол жұмыс бабымен келген Франция азаматы болып шықты.
Сарапшы айтқан шөп ботаникада гармала деген атпен белгілі (Peganum harmala), ал Қазақстанда адыраспан емдік шөп ретінде де қолданылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да дипломы жоқ мұғалім химиядан сабақ беріп жүр
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы