Адвокаттар алқасының төрағасы жаңа Конституция қабылдауды ұсынды

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеше Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырған болатын. Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев жобада Конституцияның мазмұндық тұжырымдамасын өзгертуге бағытталған маңызды жаңалықтар аз емес екенін атады.

Олардың барлығы қоғамның бүгінгі сұранысына, заман талабына сай келеді. Осыған байланысты Конституциялық комиссия аясында жаңа Конституция мәселесін қарау орынды деп санаймын, - деп ұсыныс білдірді.

Алайда алқа төрағасы түпкілікті шешімді халық қабылдайтынын жеткізді.

Бұл өзгерістер бойынша түпкілікті шешімді Қазақстан халқы қабылдайтындығын тағы бір мәрте атап өткім келеді. Бұл өзгерістердің тағдырын референдум айқындайды. Бүгінгі біздің міндетіміз қоғамға айқын әрі адамға бағытталған конституциялық шешімдерді ұсыну. Ал одан арғысы халқымыздың қолында, - деді Мырзағараев.

Бұған дейін Конституцияның 84 пайызы өзгеретіні айтылған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы