Адвокат пен прокурордың теңдігі жоғары деңгейде алғаш рет көтерілді – Абзал Құспан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жолдауда осы мәселенің көтерілуі көңілге демеу болды. Іс жүзінде қылмыстық істі қарауға қатысуларына және азаматтардың өз еркімен адвокат таңдауына жол берілмей келді.
Адвокаттар коллегиясының мүшесі Абзал Құспан Президент Қасым-Жомат Тоқаевтың Жолдауына қатысты пікір білдірді. Адвокаттың айтуынша, Қазақстан конституциясында және ратификациялаған адам құқы туралы халықаралық пактіде әр адамның адвокат жалдауға хақы бар екені және қорғаушыны өзі таңдайтыны жазылған. Алайда нормативтік құқықтық актілерде де, практикада да айыптау мен қорғау тараптарының теңсіздігі көрініс тапқан.Құқық қорғау саласына қатысты адвокат пен прокурордың сот алдындағы теңдігі мәселесінің Жолдауда көтерілгені елімізде адам құқығын жоғары бағалаудың белгісі. Дамыған елдерде әлдеқашан шешімін тауып, сот алдында қос тараптың теңдігі қамтамасыз етілген. Осы мәселені ұзақ жылдар бойы бұқаралық ақпарат құралдарында да көтеріп, уәкілетті органдарға хаттар жазылды. Адвокат пен прокурор теңдігі алғаш рет осындай жоғары деңгейде көтеріліп отыр, - дейді ол.Абзал Құспанның айтуынша, бұрын-соңды жоғары мінберлерден адвокаттар мен прокурорлардың теңдігі айтылмаған. Жолдауда айтылған бұл мәселе енді іс жүзінде көрініс табуына күш салынуы тиіс.
Адвокаттар коллегиясы атынан осы іске жан-жақты атсалысатынымызды айтқым келеді. Оны іске асырудың нормативтік актілері мен механизмдерін қарастыруға коллегия әркез дайын. Жолдауға осылайша қолдау білдіргіміз келеді, - дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ең төменгі күнкөрісті белгілейтіндер өмірі базар мен дүкенге бармаған секілді көрінеді – депутат
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы