Әдістемелік орталықтардың жұмысын жақсартуда қандай мәселелер бар?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БҒМ-нің аппарат жиналысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев әдістемелік орталықтардың жұмысы туралы баяндады.
Ол алдымен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Айтуынша, тамыз айының соңында 2 500 әдістемелік орталықтың қызметкерімен 36 сағаттық біліктілік курсы өткізілді. Сонымен қатар әдістемелік орталықтармен бірлесе отырып, Жазғы онлайн мектеп жұмыстары үйлестірілді. Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көптеген жұмыс атқарылды.
Қазіргі уақытта республикамызда 14 облыстық, 3 республикалық маңызы бар қалалық және 199 аудандық, қалалық әдістемелік кабинет жұмыс істейді. Орта білім беру жүйесі қамтитын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 412 305 педагог бар. Оларға 2773 әдіскер қызмет етеді. Республика бойынша орта есеппен бір әдіскерге 150 мұғалімнен келеді, - деп түсіндірді академия президенті.
Әдістемелік кабинеттердің кадрлық әлеуетіне назар аударсақ, 2773 әдіскердің 6,6%-ында ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар, ал 13,3%-ы жоғары санатты педагогтер екенін айтты.
5 жылдан астам тәжірибесі бар методистердің 80%-дан асады. Бұл жақсы көрсеткіш болғанымен әдістемелік орталықтарда жұмыс істеп жатқан әдіскерлерді Мемлекеттік марапаттауға ұсыну барысында небәрі 3,2% маман марапатталған. Бұл да көңіл аударатын мәселе, - деп айтты ол.
Ол әдістемелік орталықтардың жұмысын жақсарту үшін қандай мәселелер бар екеніне тоқталды.
Барлық әдістемелік орталықтың ұйымдастыру-құқықтық статустарының әртүрлілігі. Яғни бір әдістемелік орталықта мемлекеттік мекеме болса, кей орталықта мелекеттік қазыналық және мемлекеттік кәсіпорын болып, үш түрлі ұйымдастыру-құқықтық статусты иеленіп отыр. Бұл мәртебені бірізділендірудің қажеттілігін көрсетеді. Екіншіден орталықтың 13-і «орталық» деп аталса, тағы 3-4 орталық «кабинет» деп аталады. Сонымен қатар әдістемелік орталықтардың жарғылары мен ережелерінде де өзгешелік байқалады. Одан бөлек, әр өңірде әдіскерге мұғалімдерді бөлгендегі әртүрлілік алаңдатып отыр, - деді Ғани Бейсембаев.
Әдістемелік орталықтардың жұмысы нәтижелі болуы үшін материалдық базасын нығайтудың да қажеттілігі байқалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ХҚКО-да төлқұжат пен жеке куәлік үшін QR кодпен төлеуге болады
Өзгелердің жаңалығы