Әділет вице-министрі: Өнеркəсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама күшіне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді қазақстандық кəсіпкерлер, өндірушілер, дизайнерлер бір өтінім негізінде бірден сегіз мемлекетте өнеркəсіптік үлгіге қорғау алуына болады.
Бұл туралы Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Өткен жылдың қараша айында Еуразиялық патенттік конвенцияға (Қазақстан, РФ, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Армения, Əзірбайжан, Тəжікстан) Өнеркəсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама күшіне енді. Енді қазақстандық кəсіпкерлер, өндірушілер, дизайнерлер бір өтінім негізінде бірден сегіз мемлекетте өнеркəсіптік үлгіге қорғау алу мүмкіндігіне ие, - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, биыл ЕЭО мүше елдердің кез келген патенттік ведомствосына бір өтінім беру де процесі де жеңілдеген.
Ағымдағы жылдың сəуір айында Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары жəне тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы шарт ратификацияланды. Енді тауар таңбаларын жəне тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу рəсімдері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кез келген патенттік ведомствосына бір өтінім беру жəне бес елдің аумағында қорғау алу арқылы жеңілдетілді, - деді Ақерке Ахметова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы