Бас прокуратура аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеп, мұндай хабарлама жарияланбағанын әрі партияға қатысты ешқандай тексеру жүргізілмегенін хабарлады.
Осы фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ведомство "Масс-медиа туралы" және "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңдардың талаптарына сәйкес журналистер мен онлайн-платформа пайдаланушылары жариялайтын ақпараттың дұрыстығын алдын ала тексеруге міндетті екенін еске салды. Егер ақпарат жалған немесе заңға қайшы болса, оны таратуға жол берілмейді.
Бас прокуратура азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге, заң талаптарын сақтауға және жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.