Бүгiн 2026, 00:41 Фото: «Әділет» партиясы

«Әділет» партиясы желідегі жалған аккаунттар туралы ескерту жасады

Партия бұл парақшалардың ресми құрылымға еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

«Әділет» партиясы әлеуметтік желілерде партияның атауы мен символикасын пайдаланып жасалған жалған аккаунттардың көбейгені туралы мәлімдеме жасады. Партияның баспасөз қызметі мұндай парақшалар арқылы азаматтарға дұрыс емес ақпарат таратылып жатқанын хабарлады.

Партияның хабарлауынша, жалған аккаунттар партияның қызметіне, мүшелікке қабылдау тәртібіне және партия билеттерін беру ережелеріне қатысты шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер таратуда. Партия бұл парақшалардың ресми құрылымға еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

Анықталған фактілер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданған.

Партияның атауы мен рәміздерін заңсыз пайдаланғаны, сондай-ақ жалған ақпарат таратып, азаматтарды жаңылыстырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік көзделгенін ескертеміз, - делінген мәлімдемеде.

Осыған байланысты азаматтардан сақ болу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеу сұралады.

Партияның ресми ақпарат арналары:

  • Сайт: adilet-partiyasy.kz
  • Instagram: @adilet_partiyasy
  • Telegram: t.me/adilet_partiyasy