13 Шілде 2026, 18:16 Фото: ©BAQ.KZ архиві

«Әділет» партиясы ОСК-ға кандидаттар тізімін тапсырды

«Әділет» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттарын тапсырды.

Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде қарап, заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді.

Құжаттарды ұсыну «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 87-бабында көзделген кандидаттарды ұсыну кезеңі шеңберінде жүзеге асырылады. Кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну құқығына заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар ие.

Кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес жүзеге асырылады және 2026 жылғы 13 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.