Әділет министрлігі Нидерландыдағы сот талқылауында процессуалдық жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 28 сәуірінде Амстердам аудандық соты Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom S. A. және Terra Raf Trans Traiding Ltd  "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ-ға қарсы бастаған сот процесінде аралық шешім шығарды.

Амстердам аудандық соты Гаага апелляциялық соты шешім шығарғанға дейін сот ісін тоқтата тұруға шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 18 желтоқсанда басқа сот талқылауы шеңберінде Нидерландының Жоғарғы Соты Амстердам Апелляциялық сотының KMG Kashagan B. V.-дағы Қор акцияларына уақытша тыйым салуға қатысты 2019 жылғы 7 мамырдағы шешімін жойып, істі басқа сотқа - Гаага апелляциялық сотына қайта қарауға жіберді. 

Амстердам аудандық соты өз шешімінің себебін екі істің де KMG Kashagan B.V.-дағы Қордың акцияларына тыйым салудың құқықтық мәртебесіне қатыстылығымен түсіндірді.

Сонымен қатар, сот тыйым салуды күшінде қалдырудың құқықтық негіздеріне байланысты сұраққа жауап Қордың және Республиканың мәжбүрлеп орындаудан иммунитетке негізделген дәлелдерін ескере отырып және осы мәселе бойынша Жоғарғы соттың шешімі аясында қарастырылып берілу керек деп ескертті. Амстердам аудандық соты қазіргі сот ісінде процессуалдық қиындықтарға әкелетін қарама-қайшы шешімдерді болдырмауға тырысу қажет деп атап өтті.

Голландиялық соттың шешімі Стати, олардың демеушілері Дэниэл Чэпмен және оның компаниялары үшін тағы бір түңілушілік болып табылады, өйткені бұл олардың алаяқтық жолмен алынған төрелік шешімді орындау жөніндегі ағымдағы науқанын одан әрі әлсіретті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы